Көктемгі мерекелерде күтпеген жерде көңіл көтеру оңай. Өткен демалыс күндері Алматының ірі құрылыс дүкендеріне келушілер әдеттен тыс флешмобтардың куәсі болды. Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған шағын концертке бейхабар сатып алушылар келді.
Дүкенге келушілер арасынан кенеттен «Наурыз» әні шырқала бастады. Ән салушыларды басқа дауыстар көтерді және нәтижесінде бүкіл музыкалық топ өзінің орындауымен бүкіл сауда алаңында жүрген халықты қуантты. Наурыз мейрамы үй жөндеу маусымының ашылуымен тұспа-тұс келгендіктен тарту ретінде кәсіби әншілер халықтың жүреген тербейтін сүйікті әндерін орындады.
– Біз осындай жарқын сәттерді мақтан тұтамыз, – деп атап өтті шара көрермендерінің бірі Иван Маргулин, – енді үйді жөндеу оңай әрі қуанышты болатыны сөзсіз.
Осылайша Қазақстандағы ең ірі құрылыс және әрлеу материалдарын өндіруші Alina Group компаниясының өз клиенттері үшін ұйымдастырған музыкалық флешмобтар сериясы көпшіліктің көңілін көтерді.
Бүгінгі күні Alina Group – жоғары сапалы құрылыс және әрлеу материалдарын шығаратын әртараптандырылған өндірістік және дистрибьюторлық холдингке айналып отыр. Қазір компанияның көптеген брендтері халық арасында өте танымал. Керек десеңіз, Alina Group компаниясының бірқатар өнімдерін елімізден тыс жерлерде де сұрансы жоғары.
Қазіргі таңда Alina Group портфолиосында AlinEX кәсіби құрылыс материалдары, НАШИ демократиялық жөндеуге арналған қоспалар, Decorex сәндік сылақтар мен бояулар, лак және бояу өнімдері бар. Сонымен қатар Alina Paint және NORMA бояуларына да үлкен сұранысқа ие. Аталған өнімдерді www.domsad.kz сайты арқылы сатып алуға болады.