Оқушы жүйеде жұмыс істеу үшін аты-жөнін, электронды почтасын, жасырын сөзді, ауданын, өзі оқитын мектебін енгізіп тіркелуі керек. Сынақ тапсырушы тестілеу қорытындысын сол мезетте біле алады. Сонымен қатар онда оқушының жеке кабинетінде қашан және қанша рет тестен өткені туралы мәліметтер болады.
Сондай-ақ, оқушы қай сұрақтарға дұрыс жауап бермегені туралы мәліметті көріп қатемен жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Шәкірттер үшін тестілеу тегін және мобильді құрылғы арқылы да пайдалана алады. Республикада алғаш рет қолға алынып отырған жүйе ақысыз түрде жұмыс жасайды.
Айта кетейік, осы бағдарлама арқылы білім басқармасы облыстың кез келген мектебінде қанша оқушы дайындық сынағын тапсырғаны, оның пәндер бойынша орта баллын, мектептің орта балын, ауданның орта балын көру мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр.
Dalanews.kz