Алғаш рет әкімшілік амнистия өткізілді: 22 миллиард теңгеден асатын айыппұл есептен шығарылды

Алғаш рет әкімшілік амнистия өткізілді: 22 миллиард теңгеден асатын айыппұл есептен шығарылды
gov.kz

ІІМ амнистия туралы заңның жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді, деп хабарлайды dalanews.kz.

1 шілдеде Мемлекет басшысы Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылдануына орай жарияланған амнистия туралы заңға қол қойды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік амнистия өткізілді. Оның аясында заңда көрсетілген баптар бойынша азаматтар әкімшілік айыппұл төлеуден босатылды.

Ішкі істер органдарының бағыты бойынша амнистия шамамен 590 мың азаматқа қатысты қолданылды. Нәтижесінде оларға қатысты 1,3 миллионнан аса әкімшілік өндіріп алу тоқтатылып, жалпы сомасы 22 миллиард теңгеден асатын айыппұлдар есептен шығарылды.

"Амнистия – бір реттік ізгілік шарасы. Ол болашақта жасалатын құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатпайды. Егер азамат қайтадан құқық бұзса, ол заң талаптарына сәйкес толық жауапкершілікке тартылады", — деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Мұрат Қабденов.