Freedom Inside '26

Әлемге атом энергетикасы не үшін қажет?

Әлемге атом энергетикасы не үшін қажет?

Неліктен атом энергетикасы жаңа энергетикалық саясаттың бір бөлігіне айналды?

Атом энергетикасы жаңа энергетикалық саясатта маңызды орын алады, өйткені мемлекеттер бір әмбебап энергия көзін емес, әртүрлі технологиялардың тұрақты үйлесімін қалыптастыруға ұмтылады. Бүгінгі таңда энергетика бір уақытта бірнеше талаптарға жауап беруі керек, атап айтқанда: сенімді, станция пайдалануға берілгеннен кейін болжамды өндірісті және пайдалану мен отын шығындарының салыстырмалы түрде тұрақты құрылымын қамтамасыз ету керек.

Энергетикалық ауысу тек жаңа қуаттардысалуға ғана қатысты емес екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Ол энергиямен жабдықтау қауіпсіздігі, электр энергиясының құны, климаттық міндеттемелер және өнеркәсіптік даму арасындағы тепе-теңдікті талап етеді. Осыған байланысты атом энергетикасы ондаған жылдар бойы кең ауқымды әрітұрақты электр энергиясын өндіруді қамтамасыз етуге қабілетті аз көміртекті жетілген көздердің бірі ретінде қарастырылады.

Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметінше, атом энергетикасы әлемдік электр энергиясын өндірудің шамамен 9-10%-ға жуығын қамтамасыз етеді. Бұл атом энергетикасы қазірдің өзінде эксперименттік технология емес, нақты әлемдік энергия балансының маңызды бөлігі екенін білдіреді.

Сондықтан атом энергетикасына деген қызығушылық тек электр энергиясын өндіру мәселесімен ғана байланысты емес. Көптеген елдер үшін бұл жаңғыртуға, көмір мен газға тәуелділікті азайтуға, жоғары технологиялық салаларды дамытуға, кадрлар даярлауға және ұзақ мерзімді энергетикалық дербестікті нығайтуға бағытталған кең стратегияның бір бөлігі.

Неліктен елдер атом бағдарламаларын дамытуды жалғастыруда?

Елдер атом бағдарламаларын дамытуды жалғастыруда, өйткені АЭС қысқа мерзімді электр энергиясының көзі емес, ұзақ мерзімді инфрақұрылымдық құрал ретінде қарастырылады. Атом станциясын салу туралы шешім, әдетте, ондаған жылдар бұрын қабылданады және электр энергиясын тұтыну болжамымен, энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртумен, өнеркәсіптік саясатты іске асырумен және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты.

Әлемдік тәжірибе атом энергетикасына деген қызығушылық елдердің әртүрлі топтарында сақталатынын көрсетеді. Қытай мен Үндістан экономиканың өсуі мен электр энергиясын тұтынудың артуы аясында атом генерациясын дамытуда. Франция атом паркін сақтауға және жаңартуға бәс тігуде. Ұлыбритания мен Шығыс Еуропа елдері жаңа АЭС құрылысын энергиямен жабдықтау сенімділігін нығайту және импортталатын отынға тәуелділікті азайту тәсілі ретінде қарастыруда. БАӘ атом жобасын энергетика мен экономиканы әртараптандырудың ұзақ мерзімді стратегиясының бөлігі ретінде іске асырды.

Бұл атом энергетикасы қазірдің өзінде дамыған атом саласы бар елдерде ғана емес, сонымен қатар жаңа энергетикалық және технологиялық басымдықтарды қалыптастыратын мемлекеттерде де сұранысқа ие екендігін көрсетеді. Атом энергетикасының даму себептері әртүрлі болуы мүмкін, бірақ жалпы қисыны ұқсас: мемлекеттерге ірі әрі сенімді қуат, болжамды электр энергиясын өндіру, энергетикалық тәуелсіздік және өз құзыреттерін дамыту қажет.

Сондықтан атом бағдарламасы, әдетте, электр станциясын салудың жеке жобасы ретінде емес, ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияның элементі ретінде қарастырылады. Оны іске асыру энергетиканың, өнеркәсіптің дамуына, кадрлар даярлауға, реттеуге (не реттеу керек?), ғылыми-техникалық базаны нығайтуға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді.

Тұрақты электр жүйесі үшін АЭС күші қандай?

Ондаған жылдар бойы тәуліктеп электр энергиясының үлкен көлемін өндіру мүмкіндігі – АЭС-тің негізгі басымдығы болмақ. Электр желісі үшін бұл өте маңызды, өйткені электр энергиясын тұтыну түнде, қыста, қолайсыз ауа-райында немесе максималды жүктеме кезеңінде тоқтамайды. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, сумен жабдықтау, ауруханалар, деректер орталықтары және қалалық инфрақұрылым үздіксіз энергиямен жабдықтауды қажет етеді.

Өндіруші қуатты нақты пайдаланудың негізгі көрсеткіштерінің бірі – белгіленген қуатты пайдалану коэффициенті. 2024 жылы атом станцияларының орташа әлемдік БҚПК шамамен 83%-ды, ал АҚШ-та — шамамен 92%ды құрады. Бұл дегеніміз, атом станциялары көбінесе жоғары жүктемеде жұмыс істейді және белгіленген қуатты барынша пайдалана отырып, электр энергиясынөндіреді.

Электр желісі үшін белгіленген қуат қана емес, сонымен қатар электр энергиясын нақты өндіру де маңызды. Бір қуат көзі үлкен номиналды қуатқа ие болуы мүмкін, бірақ тұрақсыз немесе сыртқы жағдайларға байланысты жұмыс істейді. Басқа қуат көзі болжамды өндірісті қамтамасыз ете алады және негізгі жүктемені сақтай алады. Сондықтан АЭСрөлін бағалау кезінде оның энергия балансы үшін жүйелік құндылығын ескеру қажет.

АЭС өндірістің ауа-райына тәуелділігін азайтады, бірақ кез-келген ірі бірлік қуаты сияқты, апаттық жағдайда жүйелік резервтің болуын талап етеді. Экономикасы өсіп келе жатқан елдер үшін бұл ерекше маңызға ие, өйткені тұрақты қуат тапшылығы өнеркәсіптік дамуды тікелей шектейді және электр желісінің тұрақтылығын төмендетеді.

Атом энергетикасы шығарындыларды азайтуға қалай көмектеседі?

Атом энергетикасы АЭС-тің көмірді, газды немесе мазутты тікелей жақпай, электр энергиясын өндіруіне байланысты шығарындыларды азайтуға көмектеседі. Пайдалану кезеңінде атом станциясы көмірқышқыл газының шығарындыларын іс жүзінде жүзеге асырмайды. Сондықтан халықаралық тәжірибеде атом энергетикасы электр энергиясының төмен көміртекті көздеріне жатады.

Егер шикізат өндіруді, құрылысты, отын өндіруді, пайдалануды және пайдаланудан шығаруды қоса алғанда, толық өмірлік циклді қарастыратын болсақ, атом генерациясының көміртегі әсері де төмен. Жиі қолданылатын халықаралық бағдарлардың бірі, атом генерациясының шығарындыларының медианалық мәні шамамен 12 г CO₂-балама/кВт·сағ. құрайды. Бұл жел энергетикасының көрсеткіштерімен салыстырылады және көмір өндірісіне қарағанда айтарлықтай төмен, мұнда өмірлік цикл шығарындылары жүздеген грамм CO₂-балама/кВт·сағ. өлшенеді. 

Атом энергетикасының климаттық әсері көмір өндірісін алмастыру кезінде ерекше маңызды. Егер мемлекет төмен көміртекті қуаттарды пайдалануға қосса, бірақ негізгі жүктемені жабу үшін көмір мен газ өндірісіне тәуелділікті сақтаса, шығарындылардың нақты төмендеуі шектеулі болады. АЭС көміртекті көп қажет ететін генерацияны энергия балансының негізгі бөлігінен ауыстыруға мүмкіндік береді, мұнда тұтыну тұрақты болып табылады.

Әлемдік тәжірибе мұны растайды. Франция атом энергетикасының жоғары үлесінің арқасында ірі дамыған экономикалар арасында ең төмен көміртекті электр энергетикаларының біріне ие. Бұл атом энергетикасы шығарындыларды азайтуға белгі ретінде емес, ауқымды үлес қоса алатындығын көрсетеді.

Атом энергетикасы Қазақстанға не береді?

Атом энергетикасы елге электр энергиясын өндіруді ғана емес, сонымен қатар ұзақ мерзімді энергетикалық, өнеркәсіптік және технологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. АЭС ондаған жылдарға созылатын өмірлік циклі бар ірі инфрақұрылымдық нысан болып табылады. Атом жобасын іске асыру білікті кадрларды даярлауды, нормативтік құқықтық базаны, инженерлік мектептерді, пайдалану құзыреттерін, өнеркәсіптік кооперацияны және қауіпсіздік мәдениетін дамытуды талап етеді.

Әлемдік тәжірибе атом бағдарламасын жүзеге асыру айналасына қосымша құн құрудың кең тізбегін құрайтынын көрсетіп отыр. Жобаға құрылыс, машина жасау, электр техникасы өнеркәсібі, инжиниринг, автоматтандыру, сервистік қызмет көрсету және кадрлар даярлау кәсіпорындары тартылады. Сондықтан АЭС қарапайым электр станциясы ғана емес, экономиканың көптеген аралас салаларын дамытуға арналған күрделі технологиялық жоба болып табылады.

Мемлекет үшін атом энергетикасы да энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады. Ядролық отынның энергетикалық тығыздығы өте жоғары: отынның салыстырмалы түрде аз мөлшері электр энергиясының едәуір көлемін өндіруге мүмкіндік береді. Бұл энергия жүйесінің үздіксіз отын логистикасына сезімталдығын төмендетеді және ұзақ мерзімді ядролық отын қорларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бұл көмірдің, газдың немесе мазуттың тұрақты жеткізіліміне тәуелділікті азайтады, бұл әсіресе отын логистикасы энергиямен жабдықтаудың құны мен сенімділігіне тікелей әсер ететін және ұзақ мерзімді отын қорларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін шалғай аудандар үшін өте маңызды.

Қазақстан үшін бұл аспект ерекше маңызды. Еліміз қазірдің өзінде әлемдік уран саласында берік ұстанымға ие, ғылыми базасы, зерттеу орталықтары және ядролық технологиялармен жұмыс тәжірибесі бар. Атом энергетикасын дамыту жаһандық атом саласындағы шикізат рөлінен пайдалану құзыреттерін қалыптастыруды, инженерлік сүйемелдеуді дамытуды, кадрлар даярлауды, өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуді және отандық кәсіпорындардың қазіргі заманғы энергетикалық инфрақұрылымды құруға қатысуын көздейтін неғұрлым күрделі модельге көшуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, АЭС электр желілерін, резервтік және маневрлік қуаттарды бір мезгілде дамыта отырып, оңтүстік өңірді ұзақ мерзімді энергиямен қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қоса алады. Бұл тұрғыда атом энергетикасы қосымша өндіруші қуаттарды қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар өнеркәсіптің, білімнің, ғылымның дамуына және ондаған жылдар бойы энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға ықпал ететін ұзақ мерзімді технологиялық негіз жасайды.

Авторы: Аусенов Кумар 

«ҚАЭС» ЖШС энергетика тобының жетекші инженері