"Шығармау керек еді": Медеу Арынбаев ел арасында жиі талқыланған мәселе туралы айтты

"Шығармау керек еді": Медеу Арынбаев ел арасында жиі талқыланған мәселе туралы айтты
Медеу Арынбаев. Видеодан кадр: Youtube/Dina Tolepbergen

Танымал әнші Медеу Арынбаев қоғамда қызу талқыланған Тұрсынбек Қабатовқа қатысты жағдайға өз көзқарасын білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өнер иесінің айтуынша, отбасыға қатысты мәселе әр адамның жеке өмірі болғанымен, ел алдында жүрген танымал тұлғалар мұндай жайттарға аса жауапкершілікпен қарауы керек.

"Естідім бәрін, керек емес еді негізі. Әрине, отбасылық мәселе – өзінің жеке өмірі. Бірақ сен тұлға болсаң, өнер деген елдің атынан шығып жүрсің бе – оның бәрін абайлау керек. Оның жауапкершілігі болу керек. Жауапты қарау керек. Белгілі тұлғалардың өмірбаяны бірінші ретте талқыға түседі. Өзің айтпақшы, ол идеологиялық тәрбиелік мәні бар. Осындай жағдайларға абай болу керек. Өнердегі әріптестеріме айтарым – мұндай мәселелерді шығармау керек. Шығарсаң да, оның бәрін жасыра алмайсың. Тек жарияламау керек", – деді Медеу Арынбаев.

Әнші көпшілікке танылған адамдардың әр қадамы қоғам назарында болатынын айтып, өнер иелерін жеке өмірге қатысты мәселелерде абай болуға шақырды.