Қазақстанда аң инспекторларына кісен мен көлік тоқтататын арнайы құрылғы беріледі

Қазақстанда аң инспекторларына кісен мен көлік тоқтататын арнайы құрылғы беріледі
КазТАГ.

Қазақстанда жануарлар дүниесін қорғау саласында мемлекеттік бақылау жүргізетін аң инспекторлары арнайы құралдармен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығында айтылған.

Құжатқа сәйкес, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға, сондай-ақ жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау қызметкерлеріне бірқатар арнайы құрал беріледі.

Олардың қатарында кісен, арнайы резеңке таяқ, механикалық әсерден қорғайтын кеудеше, жарқылдауық шам және автокөлікті мәжбүрлі түрде тоқтатуға арналған «Еж-М» құрылғысы бар.

«Еж-М» құрылғысы көлік қозғалысын мәжбүрлі түрде тоқтатуға арналған. Ол автокөліктің дөңгелектерін зақымдау арқылы қозғалысын тоқтатуға мүмкіндік береді.

Арнайы құралдардың берілуі аң инспекторларының қызметтік міндеттерін орындау кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жануарлар дүниесін қорғау саласындағы заң бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған.