Алексей Луценко тарихи жетістікке қол жеткізіп, Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды

Алексей Луценко тарихи жетістікке қол жеткізіп, Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды
Владислав Семенов

Алексей Луценко рекорд жаңартып, Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазақстандық велошабандоз тасжолдағы велоспорттан топтық жарыста алтын медаль жеңіп алды. Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының көшбасшысы үшін Азия ойындарындағы алтыншы чемпиондық атақ болды. Осылайша, Алексей Луценко жазғы Азия ойындарында жеңіп алған алтын медаль саны бойынша ұлттық құрама рекордын жаңартты:

  • Инчхон-2014 — жекелей жарыс
  • Джакарта-2018 — топтық жарыс
  • Джакарта-2018 — жекелей жарыс
  • Ханчжоу-2022 — топтық жарыс
  • Ханчжоу-2022 — жекелей жарыс
  • Аичи-Нагоя-2026 — жекелей жарыс
  • Аичи-Нагоя-2026 — топтық жарыс

Топтық жарыстағы жеңісінен кейін Алексей Луценко жазғы Азия ойындарында алты алтын медаль жеңіп алған Қазақстан тарихындағы алғашқы спортшы атанды.