Алматыда әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты сот процесі жалғасып жатыр. 8 маусымда өткен сот отырысында қаза тапқан үшінші қыздың анасы айыпталушыға ешқандай талабы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жәбірленуші тараптың айтуынша, айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірген, кешірім сұраған және келтірілген материалдық әрі моральдық шығынды толық өтеген.
Осыған байланысты марқұмның отбасы айыпталушымен татуласуды ұйғарғанын жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін жол апатынан көз жұмған тағы екі адамның туыстары да айыпталушыны кешіргенін мәлімдеп, соттан оған шартты жаза тағайындауды сұраған еді.