Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: апелляция шешімі шықты

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: апелляция шешімі шықты
Dalanews.kz

Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы әл-Фараби даңғылында болған жол-көлік оқиғасына кінәлі деп танылған Александр Пакқа қатысты бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Іс жәбірленуші Рүстем Шотенов пен оның адвокатының апелляциялық шағымы бойынша қаралған.

Сот отырысына алқа төрағасы Анар Маликова, судьялар Рустам Баишев пен Алтынхан Алтынханов қатысты. Сондай-ақ процеске прокуратура өкілі, сотталған Александр Пак, оның қорғаушысы және жәбірленуші тараптың өкілдері қатысқан.

Сот алқасы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының 2026 жылғы 22 маусымдағы үкімін қайта қарап, оны өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады.

Осылайша, жәбірленуші мен оның адвокаты берген апелляциялық шағым қанағаттандырылмады.

Сот қаулысы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енді.

Сонымен қатар тараптар қаулыға қатысты кассациялық тәртіппен шағым түсіруге немесе наразылық келтіруге құқылы. Мұндай өтініштер сотталғанның жағдайын нашарлататын негіздер бойынша бір жыл ішінде берілуі мүмкін. Ал сотталғанның жағдайын жақсартуға бағытталған шағымдар үшін мерзімдік шектеу қарастырылмаған.