Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
«Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Сома мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесуге арналған», - делінген ведомство хабарламасында.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.
Еске салсақ, бұған дейін базар сатушылары Жетісу ауданының әкімін рейдерлік жасады деп айыптаған болатын.