Әкім орынбасары ұсталып, жемқорлық бойынша іс қозғалды

Dalanews 14 қыр. 2020 02:41 702

Жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қарағанды қаласының әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабековтің қылмыстық іс қозғағандарын мәлім етті.

Қарағандылық шенеуніктің ұсталғаны туралы хабарды агенттіктің баспасөз қызметі растады. Бірақ қай бап бойынша айыпталып жатқанын айтқан жоқ. Тек тергеу жүріп жатқаны белгілі болды.

– Қарағанды облысының арнайы прокурорлары Қарағанды қаласы әкіміне байланысты тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу ақпараттары рұқсат етілген мөлшерде прокурордың бұйрығымен ғана, тергеуге зияны тимейтін болса, әрі басқа адамдардың заңды құқықтарын бұзбайтын болса, жарияланады, – деді Сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегілер.


Жақсылық Шалабеков 2019 жылдың ақпан айында осы қызметке тағайындалған. 2011-2019 жылдары қала әкімдігінің құрылыс бөлімін басқарған. Әкім орынбасары кезінде жер телімдеріне, қала құрылысына, архитектураға, жаңа әлеуметтік нысандар мен үйлердің салынуына жауап берген.

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров 2014 жылдан бері қаланы басқарып келеді. Шалабековтің кінәсі дәлелденсе, қызметімен қош айтысатын әкімнің бірі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар