Айман Талғатқызы кімдерден жиі негатив еститінін айтты

Айман Талғатқызы кімдерден жиі негатив еститінін айтты
Фото: ашық дереккөзден

Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде өзіне жиі жағымсыз пікір мен ауыр сөз жазатын адамдар туралы ойын айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның сөзінше, қазіргі жастар өзгенің жеке шекарасына көбірек мән береді және пікір білдіруде саналырақ.

"Қазіргі жастар өте ақылды. Саналы. Біреудің жеке шекарасына кірмейді. Көздері ашық, көкірегі ояу. Ойларын саралай алады", – деп жазды ол.

Айман Талғатқызы өзіне жазылатын негатив пікірлердің басым бөлігі жасы үлкен әйелдерден келетінін алға тартты.

"Маған негатив, қарғыс, ұятсыз сөздер жазатындардың 90 пайызы – апа, ене, құдағилар", – деді ол.

Оның пікірінше, кейбір адамдар өткен өміріндегі реніш пен ауыр тәжірибесін өзгелерге бағыттап, әлеуметтік желіде ашуын сыртқа шығарады.