Айдос Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген жарлық мәтінінде.
Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрі қызметін Дәурен Қосанов атқарған. Ол Мемлекет басшысының Жарлығымен осы лауазымнан босатылды.