Айдар Жарылғанов әділет вице-министрі болып тағайындалды

Айдар Жарылғанов әділет вице-министрі болып тағайындалды
UKIMET

Қазақстанның әділет вице-министрі болып Айдар Жарылғанов тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тиісті шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдады.

Айдар Жарылғанов 1978 жылы Семей қаласында дүниеге келген. «Семей» мемлекеттік университетін және «Әділет» жоғары құқық мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Астанадағы «Ақ Орда» жобалау-құрылыс компаниясында инженер болып бастаған. Кейін Мемлекеттік кірістер министрлігі мен Қаржы министрлігінің жүйесінде, сондай-ақ Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған.

2008–2023 жылдары Президент Әкімшілігінің мемлекеттік құқық бөлімінде сарапшы, консультант, инспектор және сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2023 жылдың қаңтарынан осы уақытқа дейін Президент Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімін басқарды.