ҚазҰАУ ректоры, Т.И.Есполовпен кездесуіндегі тапсырмасы бойынша!
Елбасымыздың Қазақстанда жүргізіп отырған аграрлық саясаты ауыл шаруашылық саласын жаңғырту, аграрлық білім, ғылым мен өндіріс интеграциясын дамыту арқылы агроөнеркәсіптік кешенде бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған өнімдер көлемін арттыруды, еліміздегі тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етеді.
Үстіміздегі жылы 15 тамыз күні мен Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қабылдауында болдым. Кездесу барысында отандық аграрлық ғылым мен білімнің бүгінгі дамуы және осы саладағы күрделі мәселелер мен оны шешу жолдары туралы мәлімдедім.
Кездесуде мемлекет тарапынан аграрлық ғылым, білім саласына көрсетілетін көмек, серпінді инновацияларды жүзеге асыру үшін мегагрантар бөлу, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қаржы көлемін ұлғайту, жобаларды технологиялық экспертиза мен сынақтан өткізетін ірі орталықтар құру сияқты көптеген өзекті мәселелерді шешу жолдары талқыланды.
Аталған бағыттарды дамыту үшін АҚШ, Франция, Аргентина, Бразилия, Израиль, Қытай сынды дамыған елдердің озық тәжірибелерінің жан-жақты талдауына негізделген. Бұл мемлекеттердегі ірі университеттер білім беру мен ғылыми үрдісінің бизнес құрлымдармен байланыстыратын орта болып табылады. Мұндай жоғары оқуорындары зерттеу университеттерінің мәртебесіне ие.
Білім, ғылым мен бизнестің интеграциясын жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу институттары дәл осы оқуо рындарының базасында жұмыс жасайды. Университет құрамында жұмыс жасайтын Стратегиялық агробизнесті талдайтын орталық Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайына толыққанды сараптама жүргізіп отырады.
Осы ортаның ақпараты бойыншабүгінде Қазақстанда 23 ғылыми-зерттеу институты, 14 тәжірибелі шаруашылық және 10 білім тарату– Экстеншн орталығы қызмет атқарады. Ал АҚШ-та – 10 ғылыми-зерттеу институты, 91 тәжірибе шаруашылықтары, 2900 білім тарату орталығы, Аргентинада – 4 ҒЗИ, 47 тәжірибе шаруашылығы, 320 білім тарату орталығы бар. Өзге елдерде де осындай көрсеткіштер тіркелген.
Ғылыми-зерттеу институттары, тәжiрибе шаруашылықтары және білім беру орталықтарының санына байланысты біздің елде басқа мемлекеттермен салыстырғанда «төңкерілген пирамида» байқалады. Қазақстан ғылыми-зерттеу институттары саны бойынша көптеген шет елдерден озық тұр, бірақ білім тарату орталықтарының саны анағұрлым аз. Бұл ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерінің өндіріске іс-жүзінде енгізілмей жатқанын, ал білім беру орталықтары агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері үшін тек біліктілікті арттыру курстарын өткізумен ғана шектелетінін көрсетіп отыр.
Еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық тиімділігін жоғарылату үшін Қазақстандағы ғылыми зерттеулердін нәтижесін өндіріске енгізу, агробизнеске озық тәжірибе мен білімді тартуға, ауылдық кәсіпкерлердің білімдерінкөтеру үшін тәжірибе шаруашылықтарымен озық білімді таратудың заманауи жүйесін көбейту қажет. Сондықтан, Қазақстанда ғылыми-зерттеу институттарының санын көбейтуден көрі инновацияға бейімделген тәжірибе шаруашылықтары мен білім тарату орталықтарының санын арттыру тиімді болар еді. Себебі, қазіргі таңда елдің ауыл шаруашылығы саласында жұмыс жасайтын кәсіпкерлердің 12% ғана ортадан жоғары және жоғары білімі бар.
Қазіргі кезде елімізде ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлінетін 66,0 млрд. теңгенің 4,2 млрд.тенге (6,4 %) ғана ауылшаруашылық саласындағы ғылыми зерттеулерге бөлінеді. Мысалы, ЮНЕСКО-ның ақпараты бойынша Оңтүстік Кореяда ғылымға бөлінетін қаржының мөлшері ішкі жалпы өнімнің көлемінен – 4,3%, Израильде – 4,1%, Швецияда – 3,6% пайызды құрайды. Ал ТМД елдерімен салыстырсақ Ресейде – 1,2%, Украинада – 0,7 % ал Қазақстанда – 0,2 % ғана болып отыр.
Қазіргі уақытта трансұлттық компаниялар ғылымды дамытуға өз саласының ғана шеңберінде қаржы бөледі. Осы уақытқа дейін ауыл шаруашылық саласында ірі трансұлттық компаниялардыңжоқтығынан агроөнеркәсіп кешеніндегі ғылымға мұндай қаржылар бөлінбей келеді. Осы жерде еліміздегі аграрлық ғылымның дамуында кедергі болып отырғанөзекті проблемалар туралы айта кеткен дұрыс болар. Ол:
- аграрлық ғылымның мәртебесінің, сондай-ақ ғылыми-техникалық бағыттағы еңбекке деген сұраныстың төмендігі;
- ғылымға бөлінетін қаржының жетіспеушілігі;
- жаңа формациядағы білікті мамандардың тапшылығы, (жас ғалымдардың аграрлық ғылымға қызығушылығының төмендеуі). Бұның себебі еңбекақы мөлшерінің аздығы, әлеуметтік-экономикалық, тұрмыстық жағдайлардың дұрыс шешілмеуі т.б.;
- ғылыми-зерттеу институттары мен тәжірибе станцияларының материалдық-техникалық базасының ескіруі, ғылыми нәтижелердің өндіріске енгізілмеуі.
Мемлекет басышысы ғылымға жаңалық алып келетін жастар екенін үнемі айтып келеді. Оларға мемлекет тарапына үлкен қолдаулар көрсетілуде. «Болашақ» бағдарламасы осының айқын көрінісі. Бірақ,осы салада шет мемлекеттерден инновациялық технологиялар мен озық білім трансфертін тартатын жаңа форматтағы ғалымдардын саны өте төмен. Айта кетсек, Тәуелсіздік алған 25 жылда ауылшаруашылық саласы бойынша «Болашақ» бағдарламасымен 70 ғана жас маман шет елдерде оқып, біліктілігін арттырып келген.
Бәсекеге қабілетті, заманауи озық біліммен қаруланған, жаңаша ойлайтын кәсіби мамандардың тапшылығынан ауыл шаруашылығы саласында инновациялық технологияларды игеру үрдісі баяу жүргізілуде.
Елбасы «Инновациялық Қазақстан – 2020» форумында инновацияның 4 бағытын анықтап берген болатын: елеулі, серпінді, түбегейлі, абсолютті инновация. Осы бағыттардағы инновациялық бастамалар елде жаңадан қалыптасып келеді. Мысалы, жалпы ішікі өнімнің 0,92% ғана инновациялық өнімнің үлесінде. Сондықтан, жаңалық ашқан ғалымдарға, ғылыми институттар мен агробизнес құрылымдарына мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы нәтижелі жұмыс атқарған жағдайда мақсатты түрде инновациялық грант бөлінуі қарастырылғаны жөн.
Оқу орнымыз 2010 жылдан бастап зерттеу университетіне трансформациялану бойынша стратегиялық бағытта жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Бұл жерде айтатын жағдай, трансформациялану тәжірибесіне шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының 13 білікті ғалымдары оң бағаларын беріп, эксперттік тұжырымдамаларын ұсынды.
Трансформация шенберінде, 2016 жылы университетте Агротехнологиялық Хаб құрылды. Оның қызметі агроөндіріс кешеніне инновациялық технологияларды, стартап-жобалдарды, идеяларды тартуға, оларды өндіріске енгізуге, сондай-ақ мемлекет-жекеменшік серіктестігінің тетіктерін іске асырып, университеттің өзін-өзі қаржыландыруын және дербестігін қамтамасыз етуге арналған. Сол арқылы жалпы республиканың ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыратын болады.
Қазіргі кезде Агротехнологиялық хаб негізінде АҚШ, Еуропа және Азия мемлекеттеріндегі 36 ғылыми орталықтармен тығыз әріптестік байланыс орнатып, әлемнің 13 беделді жоғары оқу орындарымен қос дипломдық білім беру бағдарламасын іске асыруда.
Бүгінде агроқұрылымдар өндірісте үлкен жетістікке тек ғылым арқылы жетуге болатынын жақсы түсінулері тиіс. Осы мақсатта біз студенттеріміздің, магистрантранттар мен PhD докторантарымыздың өндіріс орындарында тәжірибеден өту мәселесіне баса назар аударып, бүгінгі күні оқу жоспары мен академиялық күнтізбені қайта қарап, білім алушының өндірістік тәжірибеден өту мерзімін 7 айға дейін ұзарттық. Бұл жерде айтатын бір мәселе, университетте білім алушылар 2-курстан бастап агробизнесті ұйымдастыру пәні бойынша өздері шыққан өңірлердегі шаруашылықтарда тәжірибеден өтіп, бизнес-жоспарларын жасау үшін, нақты мәліметтер жинап, дайын жобаларын комиссия алдында қорғайды. Студенттердің орындайтын барлық дипломдық, магистрлік және докторлық диссертацияларындабір бөлімі зерттеліп отырған бағыттың экономикалық тиімділігіне, арналуы тиіс. Бұл талаптар келешекте мамандардың тәжірибеге бейімделуін және аграрлық нарықта сұранысқа ие болуын жоғарылатып, кәсіби біліктілігін арттыруға ықпал етеді.
Университетіміздің діңгегі саналатын Агротехнологиялық хаб қызметі аясында бүгінде Корнель университетімен «Жергілікті алманың перспективті сорттарының гендік қорын зерттеу», Колумбияның NASA университетімен, АҚШ-тың Мичиган штаты университетімен «Климаттық модельдеу арқылы дәнді дақылдардың өнімділігін жоспарлау», Малайзияның Путра университеті мамандарымен «Халал өнімдер өндірісі технологиясы», Финдляндия ғалымдарымен «Тағам қауіпсіздігі және ветеринария»мәселелері бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, Америка, Қытай, Ресей ғалымдарымен бірге «Зиянкестер мен сортаңдарды алдын ала анықтау» бойынша, «Геоскан» мен NASA ғалымдарымен «Агроөнеркәсіп кешеніндегі тәуекелдердің ортақ жүйесін құру» жобалары жүзеге асуда.
Мұндай ауқымды жобалар еліміздегі ғылыми-зерттеу институттарында да жүргізілуде. Мысалы: «Нан өнімін шығаруға арналған микроорганизмдер түрлерінің жиынтығы», «Органикалық ауылшаруашылық өнімдерін өндіру», «Арал теңізінің құрғатылған жерінде фитомелиоративтік өсімдіктердің технологиясын қалыптастыру», «Арнайы мал азығын дайындаудың отандық рецептурасын жасап, өндіріске енгізу», «Қойдың «Ордабасы» тұқымының өнімділігі жоғары, экологиялық таза етін шығару» т.б.
Алдағы уақытта ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолданыстағы ғылыми-зерттеу институттарының тиімді жұмыс жасауы үшін, салаларға байланысты топтастырып, құрылымдарын қайтадан қарастырып, олардың базаларында 10-12 салалық ғылыми-зерттеу институттарын құру қажет. Өңірлік сипаттағы басқа ғылыми институттар тәжірибе шаруашылықтарымен біріктіріліп, қайта құрылады да, мынадай бағытта жұмыс жасайтын болады:
- отандық ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды коммерцияландыру;
- шетелдіктехнологиялардысынаужәнебейімдеу;
- бірегейтұқымөндіру;
- импорттық жабдықтар, технологиялар, асыл тұқымды мал және тұқым сорттарын, көшет материалдарын сертификаттау;
- магистранттар мен докторанттардың диссертациялық зерттеу жүргізуіне қатысу;
- студенттердің білім беру практикасынұйымдастыру;
- алдыңғықатарлы білім тарату.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында озық шаруа қожалықтарының базасында кем дегенде 160 білім тарату орталықтарын құру (ауылдық жерлердің санына байланысты). Бұл орталықтарда:
- «Фермер-фермерге» тәлімгерлік озық тәжірибесі бойынша дамыған шарушылықтың тәжірибесін беру;
- Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша өзекті тақырыптар төңірегінде семинарлар өткізу;
- Ауыл тұрғындары арасында заңнама жәнеме млекеттік бағдарламалар,соның ішінде, ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу жүзеге асады.
Білім тарату жүйесі ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерден мемлекеттік органдар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары мен қоғамдық ұйымдарға кері байланыс құралы болмақ.
Ауылшаруашылықкәсіпкерлерінің біліктілігін арттыру үшін үш бірдей Бағдарламаны пайдалануға мүмкіндік бар:
- «Нәтижелі жұмыспен қамту» Бағдарламасы - жаңадан кәсіп бастаған фермерлер мен жеке қосалқы шаруашлықтар, кооперативтер үшін ауыл шаруашылығы бизнесінің негіздерін оқыту ( «Бастау»);
- АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы - қолданыстағы фермерлерге арналған және өнімділіікті арттыруға бағытталған( «Демеу»);
- «Бизнестің жол картасы» – тәжірибелі фермерлердің маркетингтік сауаттылығын арттыру, олардың ішкі және сыртқы нарықтарға қатысуын кеңейтуге бағытталған бағдарлама ( «Шебер»).
Семинарларды ұйымдастыру және басқа да іс-шараларға шетелдік сарапшылар, ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, «Атамекен» ҰКП аймақтық филиалдары қатысатын болады.
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге басымдылық ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарына берілетін болады. Жергілікті жағдайларға байланысты технологияларды анықтау және оның бейімделуі мақсатында жасалынған зерттеулер нәтижесі тәжірибелі шаруашылықтарға беріледі.
Қазақстан әзірге жаһандық технологиялық кеңістікке кіруге толық дайын емес, себебі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру көлемі, ҒЗИ мен тәжірибелі шаруашылықтардың ғылыми әлеуеті бойынша әлемдік технологиялық тізбекке енбеді десе де болады. Барлық ғылыми-зертету институттарын сандық жүйеге көшіріп, «Агроинновациялық парктер» құрып, жаңа формациядағы жас ғалымдарды дайындау үрдісін күшейту керек.
Қазіргі кезде көптеген жаңа инновациялық жобалар өндірісте қолдау таппай келеді. Оның себебі: қаржылық кедергілер, экспертизаның жоқтығы, жобалардың технологиялық сынаудан өтпеуі, ғалымдардың ғылыми-зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізуге дейінгі жауапкершілігінің болмауы және инновациялық жобаларды ынталандыру механизмдерінің жетілдірілмеуі.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бүгінгі таңда зерттеушілік бағытқа басымдық беріп отырған Қазақ ұлттық аграрлық университетінің жұмысына оң баға беріп, білім сапасын арттыру, оны жаңа халықаралық деңгейге көтеру, жаңа формациядағы мамандар мен ғалымдарды дайындау, ғылыми жобалардың тиімді нәтижесін өндіріске енгізу, (коммерцияландыру) агроөнеркәсіптік кешенінде бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемін ұлғайту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берді.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында университет базасында ҚР Премьер-Министінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің қатысуымен республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференция агроөнеркәсіп кешенін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында аграрлық ғылым мен білімнің өзекті мәселелеріне арналатын болады.
Тілектес ЕСПОЛОВ,
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҰҒА вице-президенті, академик