АЭС – тұрақты әрі үздіксіз энергия көзі

Жарбол Кентұлы 30 қыр. 2024 16:26 1452

Ядролық физика институтының жекекші ғылыми қызметкері Данияр Жансейітов АЭС перспективасы туралы түсіндірді.

Өз кезегінде білікті маман АЭС бізге не береді және оның перспективасы туралы сайтымыздың оқврмандарына әңгімелеп берді.


– Ең алдымен елімізде жаңа технологиялық бағыт пайда болады. Әлемдегі 32-і елде АЭС бар. Бірақ барлығында атом станциясы 3 немесе 3+ бауынына жатпайды, тек 10-12-і ғана жоғары технология станциялармен жабдықталды. Яғни атом саласындағы жетекші мемлекеттер оншақты деуге болады.


АЭС бізге не береді деген сұраққа келетін болсақ, экономикалық тұрғыда тиімді. Елдің инвестициялық тартымдылығы артады. Шетелдің ірі-ірі компаниялары АЭС-ті сенімді энергия көзі ретінде бағалайды, екінші жағы, заманауи технологияны қолданатын ел ретінде мойындайды. Екінші жағы, экологиялық тұрғыда тиімді. Өйткені ауаға газдар бөлінбейді. Үшіншіден, қауіпсіздігі жағынан толық кепілдік беріледі.


Атом станциясы орта есеппен 10-12 жылда салынып, оның бюджеті 12-15 миллиард доллар құрауы мүмкін. Сарапшылардың арасында қоғамты қаржы жұмсағанша, шағын станциялар салғанымыз дұрыс дейтіндер бар. АЭС-ті салсақ 60 жыл тұрақты энергия көзі болады, жөндеу жұмыстарын жүргізіп тағы 20 жылға созу мүмкіндігі бар.


Әлем елдерінде 60 реактор жұмыс істеп тұр. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, станция жұмыс істеп тұрған кезде 3 миллиард доллар салық ретінде ел бюджетіне қаржы түседі. Екінші жағы, станцияны салу барасында 8 мың адам тұрақты жұмысқа тартылады. Іске қосылғаннан кейін 2 мың адам озық технологиялы станцияда жұмыс істейді.

60-80 жыл АЭС-те 2 мың отандық маман тұрақты жұмыспен қамтылады.
Бастысы, АЭС – тұрақты әрі үздіксіз энергия көзі. Әзірге атом энергетикасының орын басатын өзге станциялар жоқ, - деді  білікті маман.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар