АЭС құрылысына қарсы шыққандар сотталды

Көркем Алдабергенова 26 там. 2025 11:37

АЭС құрылысына қарсы шыққан белсенділерге сот үкім шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстанда атом электр стансасының салынуына қарсы шыққан бес белсендіге сот төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Алмалы аудандық сотының судьясы Ернар Қасымбеков сейсенбі күні үкімді жариялап, сотталушылардың АЭС-ке қарсы үнпарақтар таратқанын және халықты жаппай тәртіпсіздікке шақыру мақсатында жиналыстар өткізгенін айтты. Үкімге сәйкес, оларға бес жыл бойы қоғамдық қызметпен айналысуға да тыйым салынды.

Мемлекеттік айыптау бұған дейін сотталушыларға бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді. Олар «жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға дайындалды» деген айыппен (ҚР ҚК 272-бабының 1-бөлігі және 24-бабының 3-бөлігі) жауапқа тартылды.

Прокурор сотта «мемлекеттік маңызы бар іс-шараның үздіксіз өтуіне кедергі келтіру азаматтардың конституциялық құқықтарын шектеу болып табылады» деп мәлімдеген.

Өз кезегінде айыпталушылар соттан толықтай ақтауды сұрады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар