Ресей Қазақстанға АЭС құрылысына несие бермек

Сағыныш Сардарова 21 сәу. 2026 14:16

Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін Ресейден мемлекетаралық несие тарту жоспарланып отыр. Бұл туралы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның сөзінше, жобаға қаржы табуда қиындық туындамайды. Қазір Қазақстан мен Ресей мемлекетаралық несие беру тетігін пысықтап жатыр.

"Бірінші келісім атом станциясын салуға қатысты болса, екіншісі Ресей тарапынан қаржыландыру бойынша. Жоба құнының 85 пайызы несие есебінен, ал 15 пайызы Қазақстан Үкіметі тарапынан жабылады. Құжаттар жоғары дайындық деңгейінде", - деді ол.

Жобаның нақты құны жобалау жұмыстары аяқталған соң белгілі болады. Алдын ала есеп бойынша әрқайсының қуаты 1200 мегаватт болатын екі энергоблокқа шамамен 15 миллиард доллар қажет.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove