АЭС-ке қатысты референдум өтетін уақыт белгілі болды

Сағыныш Сардарова 27 мау. 2024 12:39 2879

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысына байланысты референдум биыл күзде өтетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Президент бұл шешімді халық қабылдайтынын айтты.

"Өздеріңіз жақсы білесіздер, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бердім. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Әртүрлі пікір айтылып жатыр. Бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдары да белсене атсалысуы керек. Шын мәнінде, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді. Үкімет нақты датаны айқындайды", - деді Президент.

Былтыр 1 қыркүйекте Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында референдум қорытындысы бойынша атом электр станциясына қатысты шешім қабылдауды тапсырды. 

6 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясы атом электр станциясына қатысты референдумды 2023 жылы өткізуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

5 қазанда Энергетика министрлігі Қазақстан "Росатом" және тағы үш компаниямен атом электр станциясына қатысты маңызды келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар