Адвокат Қамшыбек Тәшиевке айып тағылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Көркем Алдабергенова 29 сәу. 2026 14:09

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиевке ресми айып тағылған жоқ. Бұл туралы адвокат Шердор Абдыкапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, бұған дейін әлеуметтік желіде жарияланған ақпарат нақты тұжырымдалмаған. Адвокат бастапқыда Қамшыбек Тәшиевке, Құрманқұл Зулушевке және Нұрланбек Тұрғынбек уулуға қылмыстық іс аясында айып тағылғаны жөнінде жазба жариялаған болатын. Кейін ол жазбасын өшіріп, қателік жібергенін айтты.

«Ресми түрде ешқандай айып тағылған жоқ. Бұрынғы саясаткерлер іс аясында тек тергеуге шақырылды. Болашақта ұқсас айыптар тағылуы мүмкін», – деді адвокат.

Ол сондай-ақ жарияланған видеоны ойын нақты жеткізе алмағандықтан өшіргенін түсіндірді.

Бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде Қамшыбек Тәшиевке, Құрманқұл Зулушевке және Нұрланбек Тұрғынбекуулуға жаппай тәртіпсіздік ісіне байланысты ауыр баптар бойынша айып тағылғаны жөнінде ақпарат тараған еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove