Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевке ауыр айып тағылып отыр

Сағыныш Сардарова 29 сәу. 2026 10:48

Қырғызстанда бұрынғы үш шенеунікке ресми түрде айып тағылды. Олардың қатарында Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Қамшыбек Тәшиев, бұрынғы депутат Құрманқұл Зулушев және Жоғары кеңестің бұрынғы төрағасы Нұрланбек Тұрғынбекұлы бар, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы адвокат Шердор Абдыкапаров мәлімдеді. Оның айтуынша, үшеуіне де осы іс бойынша өзге күдіктілерге тағылған айып тағылып отыр.

Әңгіме жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру және тергеу мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет ретінде бағалап отырған іс-әрекеттерге қатысты болып отыр.

Күштік құрылымдардағы дереккөз мәліметінше, олар ІІМ-нің Бас тергеу басқармасында бірнеше сағат бойы жауап берген, кейін ведомство ғимаратынан шыққан.

Әзірге айыптың мән-жайы мен тергеу барысы ресми түрде жарияланған жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove