Заңгер Әділетхан Молдаханға қатысты апелляциялық шағым бойынша сот отырысы өтті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Сот алқасы істі қарап, бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде Әділетхан Молдаханға тағайындалған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы өз күшінде қалды.
Еске салайық, Молдаханға әлеуметтік желілерде көрінеу жалған ақпарат таратты деген айып тағылған. Іс бойынша жәбірленушілер ретінде Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаев пен Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы басшысы Серік Шумаев танылды.
Сот процесі барысында мемлекеттік айыптаушы Әділетхан Молдаханды үш жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.