Әділ Ахметов: Ортақ болашақ – ортақ жауапкершілік

Ақтоты Жапатова 11 нау. 2026 10:59

Актер Әділ Ахметов әлеуметтік желіде елімізде қолға алынған Конституциялық реформа жайында пікір білдіріп, жаңа Ата заң жобасындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау мәселесіне назар аударды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Сахна – тек өнер емес, ол халықтың жады. Әр рөл арқылы біз өткеннің үнін бүгінге жеткіземіз, ұлттық рухты сезінеміз. Сондықтан жаңа Конституция жобасының 40-бабында тарихи-мәдени мұраны қорғау әр азаматтың жауапкершілігі ретінде айқын көрсетілуі – уақыт талабына сай маңызды шешім деп қабылдаймын», - деп жазды актер.

Оның айтуынша, бұл – ұлттық жадымызды сақтап, мәдени құндылықтарды келер ұрпаққа аман жеткізудің берік негізі.

«Мәдениетін құрметтеген қоғамның болашағы да нық болады. 15 наурыз – ел дамуының жаңа кезеңіне қатысты маңызды күн. Ортақ болашақ – ортақ жауапкершілік», - деп сөзін түйіндеді өнер иесі.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove