Abu Dhabi Commercial Bank Қазақстанда толыққанды банк ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әмбебап лицензия алды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның айтуынша, банк бұған дейін елімізде тек ислам банкі ретінде қызмет көрсетіп келген. Ал енді жаңа лицензияның арқасында әдеттегі банктік қызметтерді де, исламдық қаржыландыру өнімдерін де қатар ұсына алады.
Сондай-ақ банк қазіргі ислам банкін жаңа әмбебап банкпен біріктіруді жоспарлап отыр. Бұл мүмкіндік былтыр банк туралы заңға енгізілген өзгерістерден кейін пайда болған.
Мамандардың айтуынша, нарыққа жаңа банктің келуі бәсекені арттырып, банк қызметтерінің бағасына әсер етуі мүмкін.
