Абай университеті Алматы қаласының 13 мектебімен Меморандумға қол қойды

Dalanews 04 қаз. 2023 05:18 387

Абай университетінде Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп Алматы қаласы Білім басқармасының жалпы білім беретін мектептерінің директорларымен кездесті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ректор Болат Тілеп орта білім беру мекемелерінің өкілдерін келе жатқан кәсіби мереке – Ұстаздар күнімен құттықтады. Сондай-ақ еліміздің жоғары білікті мектеп педагогтарына деген сұраныс жылдан-жылға артып келе жатқанын, оқушылардың педагогикалық мамандықты таңдауға дейінгі кәсіби дайындығы мәселесін өзекті екенін атап өтті.

Кездесу барысында «Педагогикалық сыныптар» жобасын одан әрі іске асыруға байланысты өзекті мәселелер, сондай-ақ болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын жетілдіру жолдары талқыланды.

Абай университетінің бұл бастамасы еліміздің білім саласын дамытуға және болашақ ұрпаққа сапалы білім беруді қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді.


Мектеп басшылары жобаға қатысуға үлкен қызығушылық танытып, мектеп оқушыларын «Педагог» мамандығына кәсіби бағдарлау құралы ретінде педагогикалық сыныптардың маңыздылығын атап өтіп, осы жобаға қатысу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.

Кездесу нәтижесінде Абай атындағы ҚазҰПУ мен Алматының 13 мектебі арасында «Педагогикалық сыныптар» жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, оның ішінде Медеу ауданының №98, №64, №19 мектептері; Алмалы ауданының №167, №128, №67, №58 мектептері; Әуезов ауданының №141, №122, №104 мектептері; Бостандық ауданының №93 мектебі мен Жетісу ауданының №109, №2 мектептері бар.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар