Вице-министрі Абай облысының тұрғындарымен кездесуде өңірдегі энергетика саласындағы бүгінгі ахуалға тоқталды. Ол жылыту маусымына дайындық бойынша атқарылған жұмыстардың ауқымдылығын атап өтті.
Өңірдің даму болашағына және өткен жылдың 30 қыркүйегінде Мемлекет басшысы тапрсырмасына сәйкес жаңа жылу электр орталығын салуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабардар етті.
– Алдағы уақытта Семейде қатты отынды жағуға және түтін газдарын ластаушы заттардан тазартуға арналған заманауи жабдықтарды пайдалана отырып, жылу мен электр энергиясын біріктіріп өндірудің тиімді технологиясына негізделген заманауи жылу көзін құру жоспарлануда, – деді вице-министр.
Жандос Нұрмағанбетов атап өткен мәселенің бірі – саяжайлардағы электр жарығы. Ол алдағы уақытта аталмыш мәселенің шешім табатынына сендірді. Төмен вольтты желілерді салуға қазірдің өзінде бюджет белгіленген.
Сонымен қатар, басқосуда тұрғындар пәтер иелерінің кооперативі, мүлік иелерінің бірлестігі мен сатушыларды үстемесіз көмірмен қамтамасыз ету мәселелерін де көтеріп, жауап ала алды.