Абай облысы Жаңасемей ауданында халықтың әлеуметтік осал топтары мен көпбалалы отбасылары үшін жаңа пәтер кілттері табыс етілді,– деп хабарлайды Dalanews.kz
Шақаман ауылындағы салтанатты шараға аудан әкімі Алмас Тастенбеков қатысып, жаңа пәтер иелерін қоныс тойларымен құттықтап, алдағы уақытта тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасатынын айтты.
«Тұрғындарды баспанамен қамту қашан да маңызды мәселе. Ауыл тіршілігін дамыту мақсатында ауылға кеңінен көңіл бөліп жатырмыз»,- деді аудан әкімі.
2023-2029 жылдарға арналған инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында Жаңасемей ауданында бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ, Мұқыр, Бөкенші ауылдарында және Шаған кентінде екі пәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр.