700-ге жуық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаға қамқорлық танытып, оларды бауырына басқан Тұяқ Қазкенқызы Есқожина дүниеден өтті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қаралы хабар марқұмның жақындары хабарлады.
Марқұммен қоштасу рәсімі төмендегідей өтеді:
Қонақ асы: 2026 жылғы 4 тамыз, сағат 19:00;
Жаназа намазы: 2026 жылғы 5 тамыз, сағат 10:00;
Өтетін орны: Алматы облысы, Талғар қаласы, Алтынсарин көшесі, 23.
Тұяқ Есқожина көпшілікке жетім балаларға қамқорлық жасап, өмірін олардың тәрбиесіне арнаған жан ретінде танылды. Оның қамқорлығын көрген жүздеген бала бүгінде әртүрлі салада еңбек етіп, өз өмір жолын тапқан.
Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.