Бұдан өзге, ауданға биыл 17,9 млрд. теңгеге инвестиция тарту көзделіп отыр. Оның ішінде, кәсіпкерлік саласында – 13 млрд. 195 млн. теңге, ауылшаруашылығы саласында – 350 млн. теңге, құрылыс саласында – 1 млрд. 468,4 млн. теңге, әлеуметтік салада – 2 млрд. 49,3 млн. теңге, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық салада – 837,4 млн. теңге.
Туризмді дамыту мақсатында ауданда 2019 жылы жалпы құны 1 млрд. 336 млн. теңгені құрайтын 5 нысанды іске қосу жоспарланып отыр. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жол бойында қазіргі таңда ірі 3 жобаның құрылысы жүруде. Олар «Құрылыс» ЖШС жол бойы қызмет көрсету орталығы, жобаның жалпы құны – 346 млн. теңге сыйымдылығы – 100 орын, онда жаңадан 25 жұмыс орны ашылады. «Шұқырбұлақ» жол бойы қызмет көрсету орталығы, жобаның жалпы құны – 150 млн. теңге сыйымдылығы – 50 орын, жаңадан 12 жұмыс орны ашылатын болады. «Шақпақ» жол бойы қызмет көрсету орталығын қайта құрылымдау, жобаның жалпы құны – 76 млн. теңге, сыйымдылығы – 30 орын, жаңадан 10 жұмыс орны ашылады.
Сонымен қатар, ауданда табиғи емдік туризмді дамыту мақсатында биыл сыйымдылығы 70 орындық «Этно Парк» құру жобасы қолға алынады. Жобаның жалпы құны – 417 млн. теңге, жанадан 30 адамға жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, «Жайлау» емдеу сауықтыру орталығы Жобаның жалпы құны – 347 млн. теңге, сыйымдылығы – 100 орын, кешен 50 адамды жұмыспен қамтымақ.
Айта кетерлігі, Түлкібас ауданы таулы аймақта орналасқандықтан алма бау шаруашылығын дамытуға өте қолайлы. 2019-2025 жалдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес, алма бау көлемін 5885 гектарға жеткізіп, алманы Түлкібас ауданының брендіне айналдыру мақсаты қойылған. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижесінде 2007-2018 жылдар аралығында 1634 га жерге алма бауы отырғызылды. 2019 -2025 жылдары қосымша 2450 га жерге жоғары өнім беретін алма сорттарын (Голден Делишес, Семиренко, Мельба, Редделишес) отырғызу жоспарлануда, оның ішінде 2019 жылға жоспар – 200 га.
Ауданда мал бордақылау алаңдарын ашу бойынша 2019-2020 жылдар аралығында өңірде өндірілетін ет көлемін 21,1 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, сүт қабылдау бекеттерінің қуаттылығын арттыруда аудан көлемінде 13 сүт қабылдау бекеттері «Майлыкент сүт» ЖШС және «Фуд мастер» АҚ келісім шартпен тәулігіне 24 тонна сүт өткізуде. 2019-2020 жылдары 6 сүт қабылдау бекеттерін іске қосып, тәулігіне қосымша 9600 литр сүт қабылдау көзделген.
Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі