Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдің өткен жылдағы елеулі экономикалық табыстары туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс әкімінің айтуынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканың алты пайыздық өсімін қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмасын орындау басты міндет болып табылады.
Ағымдағы жылдың 11 айында облыс қысқа мерзімді экономикалық көрсеткішке 109,1% қол жеткізді, бұл негізгі салаларды дамытудың тұрақты серпінін көрсетеді.
Марат Сұлтанғазиев өңірде өнеркәсіп өндірісі 6,9 пайызға артқанын, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 2,7 пайызға асып түсетінін атап өтті. Бұл облыстың республика бойынша бесінші орын алуына мүмкіндік берді. Басқа салаларда да айтарлықтай өсім байқалады: сауда – 13,2%-ға, құрылыс – 20,6%-ға, көлік қызметі – 21%-ға өсті.