Алматы облысында төбелескен бір топ жігіттің видеосы тарады

Алматы облысында төбелескен бір топ жігіттің видеосы тарады
видео кадры

Әлеуметтік желілерде Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Тұрар ауылында бір топ жігіттің көшеде төбелескен сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Төбелес барысында суық қару қолданылғаны айтылады. Оқиғаға қатысты Алматы облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

Полиция мәліметінше, бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық істер қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Ведомствоның хабарлауынша, 1 мамыр күні Қарасай ауданындағы Тұрар ауылының тұрғыны пышақ жарақатымен ауруханаға жүгінген. Белгілі болғандай, ол жарақатты туған күнді атап өту кезінде жергілікті тұрғындар арасында туындаған тұрмыстық жанжал кезінде алған. Қазіргі уақытта қылмыстық істер екі тарапқа қатысты тергеліп жатыр.

Сонымен қатар, оқиғаға қатысқандардың көліктері айыппұл тұрағына қойылған.