Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында қаржы пирамидасын құрған үш азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Dalanews.kz. KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Қалалық сот мәліметіне сәйкес, сотталушылар шетелдік азаматтармен сөз байласып (оларға қатысты қылмыстық іс бөлек өндіріске бөлінген) болашақ инвесторларға ақша операцияларын бақылай алатындай интернет-платформасын құрған. Клиенттер әлеуметтік желілерде жарнамалау, кітапшаларды тарату, онлайн тренингтер өткізу, инвестициялық компания ретінде жобасын позициялау және әрбір инвесторға салынған соманың 5-тен 15%-ке дейін ай сайын алатынына уәде беру арқылы тартылған.
— Алаяқтық барысында 13 адамға жалпы сомасы 59 894 237 теңге материалдық шығын келтірілген. Сотталушылар кінәларын мойындамады. Сот үкімімен А., К., С. қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша кінәлі деп танылып, жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қанағаттандыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деп хабарлайды Алматы қаласының сотынан.