Синоптиктер 6, 7, 8 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алдағы үш күнде суық антициклон ел аумағынан ығысады. Десе де жауын-шашын тоқтамайды. Бірақ солтүстік және шығыс өңірлерде ауа температурасы түнде 3 градус аяздан күндіз 2 градус жылыға дейін көтеріледі.
Оңтүстік өңірлердің тұрғындарын да жылы ауа райы қуантады, аймақта жауын-шашын да тоқтайды. 8 қарашада күндіз ауа температурасы +10…+15°С-қа дейін көтеріледі.
