5,7 млн теңгені бәске тіккен: Ақмолада құмар ойын ойнаған шенеуніктер ұсталды

5,7 млн теңгені бәске тіккен: Ақмолада құмар ойын ойнаған шенеуніктер ұсталды
ЖИ: Dalanews.kz

Ақмола облысының Шортанды ауданында мемлекеттік қызметкерлердің букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындарға қатысқаны анықталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Аудан прокуратурасының мәліметінше, тексеру барысында бір мемлекеттік қызметкердің мобильді қосымша арқылы ойын шотын жүйелі түрде толықтырып отырғаны белгілі болған. Оның бәс тігуге жұмсаған жалпы қаражаты 5,7 миллион теңгеден асқан.

Аталған деректер бойынша тәртіп бұзған қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар олардың арасында түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Прокуратура қатысушылардың нақты саны мен жалпы тігілген қаражат көлемін нақтыламады.

Айта кетейік, Қазақстан заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынған. Бұл талапты бұзу тәртіптік жауапкершілікке әкелуі мүмкін.