Агенттік басқарманың бұрынғы басшысы мен өзге де лауазымды қызметкерлеріне қатысты тергеу бастаған.
"Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекетік мекемесінің экс-басшысы мен лауазымды тұлғаларға қатысты қаржы институтының басшысымен алдын-ала сөз байласу арқылы "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған" мемлекеттік бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешен субъектілері шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға бөлінген Ауыл шаруашылығы жабдықтарын жоғары құны бойынша жеткізу арқылы 50 000 000 теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркеді", – делінген агенттік хабарламасында.
Қазір тергеу Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бабы бойынша жүріп жатыр.