5 жасар Мәдинаны іздеу: егістікке шарға байланған тамақ қалдырып жатыр

Dalanews 09 там. 2022 12:00 701

Ішкі істер министрлігі Жедел штабының 16.00-дегі ақпараты бойынша Қостанай облысында жоғалған қыз әлі табылған жоқ.

Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Гауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен жедел Штабтың кезекті отырысы өтті.

16.00-де іздеу жұмыстары Жамбыл ауылы - Тобыл өзені, Алтын дала ауылы, Қостанай қаласы, Самир ауылы бойынша төрт бағытта жүргізіліп жатыр.

"Штаб отырысында егістікке азық-түлік пен су қалдырып, оларға әуе шарларын байлау туралы шешім қабылданды. Бұл іздеу жүйелері үшін сигналдық нұсқа болады. Әр өрісте осы процесті бақылайтын бақылаушылар бар. Ауадан бақылау жалғасуда", – делінген хабарламада.

Кешкі алтыдан кейін баланы іздеуге көмекке келген Рудный дельтаклубының нұсқаушылары алаңдарды жоспарлайды.

Қазірдің өзінде 12-ден астам алқап әуеден, 8 алқап жаяу қаралған.



Іздеу аймағы тексерілген жерлерді ескере отырып төрт бөлікке бөлінген:

  • Жамбыл ауылы – Тобыл өзені;

  • Алтын дала елді мекені;

  • Қостанай қаласы;

  • Самир ауылы.


Айта кетейік, 7 тамызда таңғы 5.00-де Қостанай облысы Жамбыл ауылында 5 жасар Мәдина Ерланқызы жоғалып кеткен еді.

Қыздың анасының айтуынша, 5 жастағы Мәдина 18 және 13 жастағы үлкен әпкелерінің қарауында болған. Таңертең қыздар оянғанда сіңлісін таппай қалған. Бүлдіршін терезеден шығып кеткен.

Бұған дейін 5 жасар қыздың жүрген жерінен видео жарияланған болатын.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар