Синоптиктер 4 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктер өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 4 мамырда еліміздің солтүстік-батысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, жел соғуы мүмкін.
Республика бойынша түнгі, таңғы уақытта тұман түседі.
Күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:
- батыста +17...+32 градусқа дейін,
- солтүстік-батыста +15...+30 градусқа дейін,
- солтүстікте +15...+23 градусқа дейін,
- орталықта +17...+27 градусқа дейін көтеріледі.