Алматы облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметі бойынша облыс аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарды тастауға арналған 7 полигон және қалдықтарды уақытша сақтауға арналған 131 орын бар. Олар, Балқашта – 14, Еңбекшіқазақта – 32, Жамбылда – 30, Кегенде – 16, Райымбекте – 15, Ұйғыр ауданында – 24.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның Геопортал жүйесінің деректері бойынша 2022 жылдың өткен мерзіміне Алматы облысы аумағында 351 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды, оның он төртінен белгіленген полигон шекарасынан шығып кету фактісі анықталған.
Жергілікті атқарушы органдардан алынған ақпараттарға сәйкес, 2022 жылы анықталған 351 рұқсат етілмеген қоқыс орындарының бүгінгі күнде 254-не тиісті тазалау жұмыстары жүргізіліп, толығымен жойылған.
Сонымен қатар, қала және аудандық прокуратуралардың ұсынулары негізінде және Департаментпен жүргізілген рейдтік іс-шаралардың және зерделеу жұмыстарының нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 324 және 344-баптарымен 54 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартыдып, қысқартылған тәртіпте жалпы сомасы 5 926 905 теңгеге айыппұл арқалады.
Айта кету керек, облыс аумағына қалдықтарды жинау мен шығаруды 62 ұйым қамтамасыз етеді. Аудан орталықтары мен ірі елдімекендер ұйымдасқан қоқыс шығарумен толығымен қамтылған.
Өңірде «Қазақстан Қағазы» АҚ, «САФ» ЖШС, «УтильЭкоСервис» ЖШС, «КазПэтПолимер» ЖШС, «ИнтерМедГрупп» ЖШС, «Kagazy Recycling» ЖШС, «MEA Properties» ЖШС, «P.T.Z» ЖШС, «Q-recycling» ЖШС, «TechnicDestroy» ЖШС,«ТазаЖерМПК» ЖШС, «EcoLineTabigat.Co» ЖШС сынды 12 кәсіпорын жалпы қуаты жылына 343 мың тонна қайталама материалдық ресурстарды яғни, макулатура, шыны, полимерлі және пластикалық қалдықтарды өңдеумен айналысады.
Бүгінгі таңда қалдықтарды өңдеу ісі өзекті. Осы түйіткілді шешу мақсатында қазіргі кезде "Waste Energy Kazakhstan" ЖШС қазақстандық-испандық компаниясы қуаттылығы жылына 120 мың тонна болатын "Мериолизис" технологиясы бойынша толық циклді қоқыс өңдеу зауытын салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде. Инвестицияның жалпы көлемі – 41,8 млн.еуроны құрайды.
Сонымен қатар, «Алматы облысының өңірлік қалдықтарды басқару жүйесі» аясында қоқыс тиеу және тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының құрылысы бойынша 3 жобалық-сметалық құжаттама әзірленген еді. Құрылыс – монтаждау жұмыстарының жалпы сомасы 2,3 млрд тенгені құрайды.
Мамандардың сөзіне сенсек, жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде агломерация аумағындағы елді мекендерде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму жөніндегі қызметтер кешенінің тиімділігін, экологиялық және әлеуметтік қолайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.