35 градусқа дейін аяз: бірнеше өңірде күн қатты суытады

Cағыныш Сардарова 24 қаң. 2026 17:50

Синоптиктер үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ауа райына Атлантика аймағынан жылжып келе жатқан циклон ықпал етеді. Сондықтан қар жауады, оңтүстік өңірлерде де жаңбыр мен қар жауады. Боран соғып, жел күшейеді.

Ауа температурасы мынадай болады:

  • Циклон ел аумағы арқылы ілгерілеген сайын ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: түнде орталық және шығыс өңірлерде -5…-18°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста -2…-7°С-қа дейін, таулы аудандарда -7…-15°С-қа дейін көтеріледі.
  • Солтүстік облыстарда ауа температурасы түнде -20…-35°С шамасында болып, аяз сақталады.
  • Батыста түнде ауа температурасы -15…-30°С-қа дейін, солтүстік-батыста -20…-35°С-қа дейін төмендейді.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove