30 жылда — 50 млрд доллар: шетелдік мұнай компаниялары Қазақстанда осынша табыс тапқан

Dalanews 13 там. 2024 09:59 2466

Қазақстанда отыз жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан шетелдік мұнай сервистік компаниялар 50 млрд доллардан астам табыс тапқан. Бұл туралы Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағының төрағасы Алмас Құдайберген мәлімдеді.

Одақ басшысының сөзіне сүйенсек, Қазақстанда әлемнің ең үздік 200 мұнай сервистік компаниялары қатарына кіретін 25 халықаралық мердігер бар екен.

- Есебіміз бойынша, Қазақстанда жұмыс істеген 30 жыл ішінде олар 50 млрд доллардан астам қаражат тапқан. Осыны ескерсек, ол компаниялар бізге моральдық тұрғыдан қарыздар деп ойлаймыз. Сондықтан халықаралық жобаларына қазақстандық компаниялар мен мамандарды тартуы керек, - деді Алмас Құдайберген.

Осылайша шетелдік компаниялар енді жобаларына қазақстандық қосалқы мердігерлер мен мамандарды тартуға қатысты келісім жасалды.


- Энергетика министрлігі мен шетелдік компаниялар өкілдерімен бірлесіп бірқатар жиналыс өткіздік. Нақты Катар бойынша айтар болсақ, мысалы, белсенді жұмыс істейміз деп шешілді. Қазақстан-Катар сауда-өнеркәсіп палатасы құрылды. Катар газ резерві қоры бойынша Ресей мен Ираннан кейінгі үшінші орында тұрғанын атап өту керек, - дейді одақ төрағасы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар