3 ақпанда ауа райы құбылмалы болады

Самал Асқар 03 ақп. 2026 07:00

Синоптиктер 3 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазгидромет мәліметінше, ел аумағында ауа райы құбылмалы сипатта болады:

•⁠ ⁠Кей өңірлерде температура біртіндеп жоғарылайды: оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде –2–7°С дейін, таулы аудандарда –7–15°С шамасында, ал күндіз ауа температурасы салыстырмалы түрде жұмсақ болады. 

•⁠ ⁠Солтүстік облыстарда аяз сақталады: түнде ауа температурасы –20–35°С шамасында төмендеп, күндіз де аязды ауа райы байқалады. 

•⁠ ⁠Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде түнде ауа температурасы –15–30°С, кей жерлерде –20–35°С-қа дейін төмендейді. 

Сонымен қатар елдің көптеген аймақтарында тұман, көктайғақ және желдің күшеюі мүмкін. 

Синоптиктер ауа райының құбылмалы болуына байланысты жолға шығатын азаматтарды сақтық шараларын сақтауға шақырады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove