Жігіттің жақындары қалыңмал ретінде шамамен бір миллион теңге беріп, қалыңдыққа 600 мың теңгеге алтын әшекейлер алып берген. Кейін екеуі Қосшы қаласындағы жалдамалы пәтерге көшкен. Алайда көп ұзамай қыз байланысқа шықпай, телефон қоңыраулары мен хабарламаларға жауап бермей кеткен. Ол өзімен бірге ақша мен сыйлықтарды алып кеткені анықталған.
Кейінірек бойжеткен бұған дейін тұрмыста болған әрі үш баласы бар екені белгілі болған. Жігіт полицияға арыз түсірген. Аталған дерек бойынша алаяқтық фактісімен қылмыстық іс қозғалып, күдіктіні іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
