– Өткен жылы Қазақстанда жұмыс берушілер жария еткен 26 мың жұмыс орны жабылмай қалды. Бұл бос жұмыс орындарында экономикалық тұрғыда белсенді жастардың 26 пайызы үміткер бола алмады. Өйткені, олардың мектептегі білімдері ғана бар, – деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, министрдің айтуынша, отандық жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бітірген түлектердің басым бөлігінің мамандығына еңбек нарығында сұраныс жоқ немесе олардың біліктіліктері жұмыс берушілердің талаптарына сай келмейді.
Мұндай трендтің алдын алу және еңбек ресурстарының біліктілігін арттыру үшін Мемлекет басшысы өнімді еңбек және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. «Оның басты мақсаты – азаматтарды еңбек нарығында талап етілетін кәсіпке немесе кәсіпкерлік негіздеріне жаппай оқытуды ұйымдастыру», - деді Дүйсенова.