2030 жылы Орта Азия халқының саны 83 млн-ға жетеді

Dalanews 10 мау. 2019 05:41 1241

БҰҰ деректері бойынша 2030 жылы Орта Азия халқының саны 83 млн-нан асып жығылады. Ал 2100 жылға қарай 100 млн. адамға жетеді.

Тәжікстанда халық саны өсіп, ал Өзбекстанда керісінше 2050 жылда бастап халық санының өсімі тежеледі. 2050 жылдан кейін аймақта тұрмыстық ахуал түзеліп орташа өмір сүру жасының орташа ұзақтығы 80 жасқа жетпек.

2030 жылы Қазақстан халқының саны 20 млн-нан асып жығылады.


Соңғы 15 жылдың аралығында еліміздегі халық саны жылына орта есеппен 1,2 пайызға өсіп отыр. 2030 жылы Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларындағы халық саны қарқынды өседі.

Еліміздегі қала тұрғындарының саны 2030 жылы 60 пайызға жетеді деген болжам бар, қазір бұл көрсеткіш 57 пайызды құрайды.  

Орта Азия халық саны жөнінен Өзбекстан алда тұр. 

2016 жылғы санақ бойынша Өзбекстан халқының саны 31 млн. 807 мың адамды құраған.


Сарапшылар пікірінше халық саны көбейген сайын Орта Азия елдері әлемдік сауда нарығындағы алыс-беріс, барыс-келіске белсенді араласатын болады. 

Бұл ретте Dalanews.kz ұсынған инфографикамен таныс болыңыздар. 


 



 

 

Материалды дайындаған Ляйля Болтаева


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар