Freedom Inside '26

2026 жылы Қазақстан галлий мен сурьма өндіруді бастайды

2026 жылы Қазақстан галлий мен сурьма өндіруді бастайды
ЖИ: Dalanews.kz

2026 жылы Қазақстан сирек металдар тобына жататын галлий мен сурьма өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Галлий өнімін Қазақстан жапондық Mitsubishi Corporation компаниясына жеткізеді. Бұл жөнінде тараптар өткен жылдың желтоқсан айында келісімшартқа қол қойған. Ал сурьма АҚШ пен Еуропалық Одақ елдеріне экспортталады.

Галлий смартфондарға арналған жартылай өткізгіштер, жарықдиодтар, лазерлер және күн батареяларын өндіруде кеңінен қолданылады.

Ал сурьма қорытпалардың қаттылығы мен беріктігін арттыру үшін пайдаланылады. Бұл металл электроника өндірісінде, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібінде маңызды рөл атқарады.