2025 жылдың соңына қарай Ұлттық қордың валюталық активтері айтарлықтай қысқаруы мүмкін

Кәмшат Тілеухан 17 нау. 2025 13:04 337

Еліміздің шоғырландырылған халықаралық резервтері 2025 жылғы ақпандағы мәлімет бойынша, 106,8 млрд долларды құрайды, осылайша бір жылдық түсімі 10,9%-ға немесе жыл басынан бері 2,0%-ға ұлғайды. Жыл басынан бергі өсімге негізінен жалпы халықаралық резервтердің (алтын-валюта) ұлғаюы сеп, жалпы Ұлттық қордың (ҰҚ) активтері қалыпты өсімге ие. Жылдық мәнде алтын-валюта резервтері шамамен үштен бір бөлікке өссе, ал Ұлттық қор активтері біршама қысқарды, бұл биылғы жылғы мұнай бағасының құбылмалылығымен және қордан ақшаның алынуымен байланысты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Halyk Finance сарапшыларының пікірінше, биылғы жылы Ұлттық қорды бюджет трансферттері және инфрақұрылымдық жобаларға арналған облигациялық қарыздар түрінде кезең-кезеңімен пайдалану жалғасады, нәтижесінде қордың валюталық активтері жыл соңына қарай айтарлықтай төмендеуі мүмкін.

2025 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша Ұлттық қордың жалпы халықаралық резервтері мен валюталық активтерін қамтитын ҚР-дың шоғырландырылған халықаралық резервтері жыл басынан бері 10,9%-ға немесе 2,0%-ға ұлғайып, 106,8 млрд долларды құрады. Мұндай оң динамика негізінен жылына үштен бір бөлікке жуық, ал жыл басынан бері 4,6% ға өсіп, құрамының көлемі 47,9 млрд долларға жеткен халықаралық резервтер өсімімен байланысты болды. Еркін айырбасталатын валютадағы активтер жылына 37,7% (жыл басынан бері: +1,0%) өсті. Нәтижесінде 2025 жылдың ақпан айының соңында Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері  45,9 млрд доларды құрады; жылына 34,3% немесе жыл басынан бері 5,3% өсім.

Сонымен қатар, алтын резервтерінде кейбір өзгерістер болды. Ақпан айында халықаралық резервтердегі монетарлық алтынның құндық мәні жылына 28,6% (жыл басынан бері: +8,0%) өсті. Бұл алтын бағасының тұрақты өсімімен байланысты болуы мүмкін. Бұл ретте физикалық тұрғыда алтын көлемі тағы қысқара түсті. Дүниежүзілік алтын бойынша кеңестің мәліметінше, 2024 жылы Ұлттық Банк 10 тоннадан астам монетарлық алтын сатты, осылайша Қазақстан орталық банктер арасында қорындағы алтынын сату бойынша көшбасшылықты сақтап қалды. Жалпы, бұл Ұлттық Банктің 2022 жылдың соңынан бастап резервтердегі алтын үлесін біртіндеп қысқарту жөніндегі саясатының нәтижесі болып табылады. Нәтижесінде алтын-валюта резервтеріндегі алтынның үлесі (Ұлттық қор активтерін есептемегенде) ақпан айында 53,7%-ды құрады. Айта кету керек, 2025 жылдың қаңтарынан бастап Ұлттық Банк алтын сатуда шағылыстыру тәжірибесін қолданады, яғни жергілікті алтын өндіруші кәсіпорындардан сатып алынған алтынды сату арқылы алынған АҚШ доллары резервтердің орнына валюта нарығына келіп түседі.

Жалпы халықаралық резервтермен салыстырғанда Ұлттық қор активтерінің өсімі анағұрлым қалыпты болды. Мәселен, 2025 жылдың басынан бері Ұлттық қордың валюталық активтері тек 0,6%-ға ұлғайды, ал ақпан айының қорытындысы бойынша 58,9 млрд долларды құрап, жылдық есепте 2,2% қысқарған. Айта кетейік, мұнай бағасының құбылмалылығы және елдегі мұнай өндірісі көлемінің қысқаруы аясында 2024 жылы Ұлттық қорға тікелей салық түсімдері жылдық мәнде 16,4%-ға, яғни 3,8 трлн теңгеге дейін төмендеді. Сонымен қатар, 2024 жылы Ұлттық қордан жалпы алынған қаражат сомасы 6,3 трлн теңге деңгейінде қалыптасты, бұл 2023 жылғы көлеммен салыстырғанда 1 трлн теңгеге жоғары, осының бәрі түпкілікті нәтижелерге әсер етті. Ұлттық қордың валюталық активтерінің қысқаруы өткен жылы "Қазатомөнеркәсіп" АҚ акцияларын жалпы сомасы  970 млн долларға сатып алу арқылы ҚР экономикасын қаржыландырумен байланысты болды.

Осылайша, шоғырландырылған халықаралық резервтер құрылымында, бір жағынан, алтын-валюта бөлігінің тұрақты өсімін, екінші жағынан, Ұлттық қор активтерінің қысқаруын байқауға болады. 2025 жылға арналған Ұлттық қордан республикалық бюджетке деп бекітілген трансферттер көлемі 5,25 трлн теңгені құрайды. Алайда, бүгінде Қазақстанның инфрақұрылымдық жобалары үшін Ұлттық қордан облигациялық қарыздар түрінде алынған - Қазақстан экономикасын Ұлттық қордан қаржыландыру сомасы белгісіз. Бұл цифр ешбір жерде келтірілмейді. Мұның бәрі мұнайдың салыстырмалы түрде қолайлы бағасына қарамастан, Ұлттық қорды пайдалану оған түсетін түсімдерден асып түсетін циклдік фискалдық саясаттың жалғаса беретінін көрсетеді. АҚШ саясатына байланысты ағымдағы жылы мұнай бағасының төмендеуі мүмкін деген болжамдарды ескере отырып, контрциклдік фискалдық саясатты ұстанған кезде жоғары деңгейде қалыптасуы мүмкін Ұлттық қор активтерінің ұзақ мерзімді тұрақтылығына әсер етуі мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар