Қазақстанда 12 мыңға жуық бала Ұлттық қор төлемдерінен айырылды
Көркем Алдабергенова01 сәу. 2026 12:18
Қазақстанда «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасынан 12 мыңға жуық бала шығарылды. Бұған олардың азаматтығынан айырылуы себеп болған, деп хабарлайды Dalanews.kz БЖЗҚ-ға сілтеме жасап.
Ресми деректерге сәйкес, 2024 жылы тізімнен 3 148 бала шығарылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 8 757-ге жеткен.
Бағдарламадан шыққан қатысушылардың шоттарындағы шамамен 2,4 млн доллар көлеміндегі жинақ қаражаты есептен шығарылып, қалған балалар арасында қайта бөлінген.
Қолданыстағы ережелерге сәйкес, тізімнен шығару туған күні немесе қайтыс болғаны туралы деректердің қате көрсетілуі жағдайында да жүзеге асырылуы мүмкін.