Синоптиктер 20 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
20 ақпанда түнде және таңертең Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Талдықорған қ.: 20 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қарағанды қ.: 20 ақпанда ауа температурасы түнде 18-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Жезқазған қ.: 20 ақпанда ауа температурасы түнде 10-12 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Астана қ.: 20 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
2026 жылдың 20-23 ақпан аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігі жоғары болуы, сондай-ақ жылымыққа байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
20 ақпанда түнде Ақтөбе облысында жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (көбінесе қар), күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде 15-20, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, облыстың орталығында кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 20 ақпанда қар, түнде кей уақыттарда қатты қар, бұрқасын күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.
20 ақпанда таңертең және күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 20 ақпанда күндіз көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.
20 ақпанда Қарағанды облысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 20 ақпанда жолдарда көктайғақ күтіледі.
20 ақпанда Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.
20 ақпанда Атырау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, түнде облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 20 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-18 м/с.
20 ақпанда Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күтіледі. 20 ақпанда Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күтіледі.
20 ақпанда түнде Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты қар күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 20 ақпанда түннің бірінші жартысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.
Өскемен қ.: 20 ақпанда ауа температурасы түнде 15-17 аязға дейін күрт төмендейді.
20 ақпанда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ: 20 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.
