2 сәуірде ауа райы қандай болады?

Сағыныш Сардарова 02 сәу. 2026 07:00

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз әрі жылы ауа райы сақталады. Батыс өңірлерге оңтүстік циклон әсер етіп, мұнда ауа райы тұрақсыз болады.

Циклон шығысқа қарай жылжыған сайын солтүстік, орталық, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кейбір кезде нөсер де болжанып отыр.

Сонымен қатар, жел күшейеді, күндіз солтүстік-батыста бұршақ жауады. Түнгі, таңғы уақыттарда тұман түседі.

Күндізгі ауа температурасы мынадай болады:

  • солтүстік-батыс пен солтүстікте +15…+25 градустан +12…+20 градусқа дейін төмендейді,
  • оңтүстікте +27…+32 градустан +18…+25 градусқа дейін төмендейді,
  • батыста +13…+20 градустан +18…+25 градусқа дейін жоғарылайды,
  • шығыста +18…+26 градусқа дейін көтеріледі,
  • орталықта +15…+25 градус шамасында сақталады,
  • оңтүстік-шығыста +25…+30 градус болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove