18 ер және 18 әйел спортшы: Қысқы Олимпиадада Қазақстан атынан кімдер қатысатыны белгілі болды

Қаракөз Амантай 22 қаң. 2026 09:45

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан 36 спортшы қатысады. Ұлттық құраманың сапында 18 ер және 18 әйел спортшы бар, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Олимпиада 6–22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарына тоғызыншы рет қатыспақ. Ел спортшылары 10 спорт түрі бойынша бақ сынайды. 2022 жылы Бейжіңде өткен Олимпиадамен салыстырғанда, биыл жолдамалар саны екіге көбейген.

Құрамада Пхёнчхан–2018 Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева, шорт-трекшілер Абзал Ажғалиев пен Денис Никиша, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров және фристайл спортшысы Анастасия Городко бар. 18 спортшы үшін бұл Олимпиада алғашқы халықаралық дода болмақ. Ал ұлттық құраманың ең жас қатысушысы – 16 жастағы Асан Асылхан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove